top of page

БІЗ ЖАЙЛЫ

Киікті ауылдық кітапханасы 1960 жылы құрылған. Кітапхана әкімшілік ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. 2010 жылы күрделі жөндеуден өтті. Кітапханада оқу залы, абонемент  бөлімдері бар.

Халық саны – 912

Кітап қоры – 12101

Қазақшасы – 5360 

Оқырман саны – 605 

    Жыл сайын кітапхананың кітап қоры 200-ден астам кітап қорымен толықса, 20-дан астам газет-журналдарға жазылып,оқырмандар сұранысын қанағат-  тандыруда. Кітапханада 1 компьютер, 1 лазерлік принтер, 1 телефон нүктесі бар.2014 жылдан бастап интернет жүйесіне қосылған.

М. О. Кантеева 
Кітапханашы

Кантеева Манар Орынбасарқызы

1972 жылы 1 қаңтарда Киікті ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген.  Ұлты қазақ.

   Әкесі– Кантеев Орынбасар, анасы – Кантеева Шармаран – зейнеткерлікте, «Күміс алқа» иегері.

   Киікті ауылындағы орта мектептің 1-ші сыныбына 1979 жылы қабылданып, 1989 жылы 10 жылдықты аяқтаған.

   1989 жылы Жезқазған қаласындағы «Жезқазған тігін фабрикасында» тігінші болып 1992 жылға дейін жұмыс істеген.

   1992 жылы Сәтбаев қаласындағы «Жезқазған мәдениет училищесіне» түсіп, аталған училищенің толық курсын «кітапхана ісі» мамандығы бойынша 1994 жылы бітіріп шықты. Білімі – орта арнаулы.

   1994 жылдан 1998 жылға дейін Сәтбаев қаласындағы қалалық кітапханада кітапханашы болып жұмыс істеген.

   2006 жылдың 18 сәуірінен, бүгінгі уақытқа дейін Киікті ауылындағы ауылдық кітапханада  кітапханашы қызметін атқарады. Бірінші санатты кітапханашы.

   Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін 2012 жылы 8 наурыз мейрамына орай  Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.К.Карибековтың екі бірдей «Алғыс хатымен», 2013 жылы кітапхана жүйесінде атқарған жемісті еңбегін бағалай отырып «Алғыс хатпен», 2015 жылы  Мәдениет және қызметкерлерінің күніне орай «Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  директоры М.С.Нурпеисованың «Мамандығына адалдығы үшін» «Алғыс хатымен» марапатталды. Тұрмыста. Екі бала тәрбиелеп отырған ана.

bottom of page