8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана жыры – көктем жыры»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана жыры – көктем жыры» атты әдеби-сазды мерекелік кеш өткізілді. Кеш 2-бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім салтанатты жиынмен ашылып,ауыл әкімі Қ.Құрманбайұлы келген аналарды,қыз-келіншектерді 8 наурыз мейра- мымен құттықтап,жұмыс істейтін,қызмет ететін қыз-келіншектерді «Алғыс хат», «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Екінші бөлім мерекелік кешпен жалғасты. 5 сынып оқушысы Н.Сүлеймен М.Мақатаевтың «Шеше,сен бақыттысың» өлеңімен кештің шымылдығын ашып,жас ұстаз Шохан Айсұлу «Ақсу-Аюлы вальсі» әнімен кеш қонақтарын баурап, 2 сынып оқушысы М.Нұртай Қадыр Мырза Әлінің «Ана»,5 сынып оқушысы Н.Кәріғұл М.Дулатовтың «Ананың сүюі», 7 сынып оқушысы Т.Ай- бергеновтың «Ана» өлеңдерін оқыды. 3 сынып оқушылары «Ана», «Ана мейі рімі», 6 сынып оқушысы О.Сәкен «Әке-ана», 10 сынып оқушысы А.Рахатов «Ана туралы жыр», «Әже туралы ән», 11 сынып оқушысы Е.Тлеубай «Сәби болғым келеді» әндерін шырқап,аналарына,әжелеріне деген алғыстарын білдірді.