Құстар - біздің досымыз
1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында 4 сынып оқушы-
ларының қатысуымен ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында бүкіл дүние жүзінде құстардың 12 мың-
дай түрі тіршілік ететінін, ал елімізде 500-ге жуық түрі бар екенін, ең үлкен байлық – құстар екені жайлы айтылды. Құстардың ауыл шаруашылығына, адам өміріне, орманға, бау-бақшаға көп пайда тигізетінін, көптеген сазгерлер құстардың үнін әуенге қосқанын,талай ақындар құстар жайлы тамаша жырлар жазғаны туралы деректер келтірілді. Сонымен қатар, «Құстар жайлы не білеміз?», «Құстар қаншалықты ақылды?», «Әлемдегі ең әдемі құстар», «Құстар жайлы 25 қызықты мәлімет», «Бұл қай құс?» айдарында оқушыларға қызықты ақпарттар айтылып, сұрақтар қойылды. Құстар жайлы жұмбақ жасырылып, мақал-мәтелдер айтылды. Кеш соңында «Құс – табиғат сәні» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырылды.
Comments