top of page

Қазақтың қайсар ұлы - Қасым батыр

27 сәуір күні Ұлы Отан соғысының ардагері, аты аңызға айналған партизан, жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына арналған «Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр» тақырыбында 6 сынып оқушыларының қатысуымен ерлік сағаты өткізілді. Қ.Қайсенов (1918-2006) 1918 ж.23 сәуірде Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Асубұлақ ауылында дүниеге келген. 1939 ж. әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. Кеште халық батыры Қ.Қайсеновтің герман-совет соғысына дейінгі өмірбаяны, 1941 ж. жау қолында қалған Украина аумағындағы партизандық ерлік жолын,1941-44 жылдары Украинаға, Молдавия, Румынияға, Карпат тауына парашютпен жау тылына төрт рет десантпен түсірілгені жайлы т.б. ерліктері туралы айтыл-

ды. Оқушыларға Қ.Қайсеновтің алғашқы партизандық жолы жайлы «Жау тылында» кітабы бойынша әңгі-меленіп берілді. Соғыс аяқталып, елге оралған соң Қ.Қайсенов Ұлы отан соғысындағы қиын-қыстау кезең-

дердегі, жауынгерлердің ерлік жолын баяяндайтын көптеген шығармалар жазды. Жауынгерлердің шынайы ерлігін суреттейтін «Илько Витряк», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», «Страна моего детства», «Народные мстители» т.б.шығармалар жазды және әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды. Оқырмандарды «Партизан-жазушы» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасалды.





Comments


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page