top of page
Поиск

Қазақстан ғарышкерлерін білеміз бе?

  • Фото автора: Киікті кітапханасы
    Киікті кітапханасы
  • 12 апр. 2023 г.
  • 1 мин. чтения

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарыш күніне арналған 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстан ғарышкерлерін білеміз бе?» танымдық кеш өткізілді. Қазақстан халқы үшін бұл күн ерекше, өйткені барлық ғарышкерлер осы "Байқоңыр" ғарыш алаңынан аттанады. Танымдық кеште қазақтан шыққан ғарышкерлер Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетовтың өмір жолы мен ғарышқа ұшу ерліктері, батырлығы жайлы, ғарышта өткізген күндерін, маңызды ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізгендері туралы айтылды. Сонымен қатар, «Ғарыш кемесі қалай ұшырылады?», «Айға қанша адам бар-ып қайтты?», «Ғарыштық қызмет», «Ғарышкерлер ғарышта неге қалқып жүреді?», «Ғалымдар әуе кемесін Марс планетасына қашан қондырды?» деген ғарыштық экспедициялар жайлы маңызды деректер, ғарыш-

керлердің ғарыштағы өмірі туралы айтылды. Э.Пратидің «Жұлдыздар және ғаламшарлар» атты балаларға арналған энциклопедиядан аспан денелері, көптеген жұлдыз және олардың пайда болу тарихы туралы мәліметтерді т.б. әртүрлі сұрақтарға жауапты осы кітап бойынша саяхат жасап, ғажайып әлем туралы өз білімдерін кеңейтті. «Ғарыш ғажайыптары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.







 
 
 

Commentaires


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page