top of page

Кітап - таусылмайтын қазына

Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген. Мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға баулу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, жеткізу.

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне арналған 4-5 сынып оқушыларымен «Кітап – таусылмай-

тын қазына» атты тақырыпта библиокафе өткізілді. Кеш балалар әдебиетінің атасы, ақын М.Әлімбаевтың «Кітап жеміс ағашы» өлеңімен басталды. Неліктен 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілгені жайлы түсіндірілді. Шараға келген оқушыларды олардың талғамына сай кітаптармен таныстырылды. Қатысушылар өздері оқыған балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», балалар жазушысы Г.Х.Андерсеннің «Қар Ханшайымы», "Нағыз Ханшайым", қазақ халық ертегілерінен «Тазша бала», «Ер Төстік» т.б. шығармаларды, қызықты кітаптар туралы өзара әңгімелесу, еркін сұхбат түрінде талқыланып пікірлесті. Күнделікті қолданыста жүрген кітаптың өзіндік қызықтары жайлы ақпараттар, деректер беріліп, кітап әлеміне саяхат жасалды. Оқушыларға оқыған кітаптары жайлы сұрақтар қойылып, мақал-мәтел, жұмбақтар жасырылды. Сонымен қатар, қатысушылар тәттілермен шай іше отырып, бір-біріне өздері оқыған шығармалардан, ертегілерден кейіпкерлер жайлы, ондағы қызықты оқиғалар туралы деректермен бөлісті.





Comments


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page