Пайым мен парасат падишасы - кітап
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған "Пайым мен парасат падишасы - кітап" атты тақырыпта библиошар шарасы өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары мұғалімдер, жұмыскер мен қызметкерлер, оқушылар қатысты.
Биыл "Кітап шоу - 2023" фестивалін ұлттық кітапхана Қазақстанның барлық өңірінде бір күнде, 21 сәуірде өткізуді ұсынды.
Кітап фестивалінің мақсаты: "2023 жыл - Түркі өркениетінің даму жылы" деп жариялануына орай тамыры терең түркі өркениетін жаңғырту жолында түбі бір түркі халқының өткен тарих, тілі, әдебиеті мен мәдение- тін насихаттау. "Оқитын ұлт" жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын арттыру мен кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған.
Comments