top of page

Шын жүректен алғыс айтамын

26 ақпан күні сағ.10.00-де Киікті ауылдық кітапхананың оқу залында 3-4 сынып оқушыларының және мәдениет саласының қызметкерлерінің

қатысуымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты тақырыпта тренинг өткізілді.

Балаларға «Алғыс», «Ризашылық», «Рахмет» сөздерінің мән-мағынасы, оның қандай кезде айтылатыны туралы түсіндірілді. «Рахмет» сөзін қосып тілек айту тренинг ойынында балаларға қалай амандасу керек екенін, бір-бірімен тез-тез және әртүрлі, мысалы, көзбен, қолмен, иекпен, арқамен, көзбен т.б. іс-қимылмен амандасу қажет екені жайлы айтылып, ойын ойнатылды. Сонымен қатар, «Жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік» атты тақырыпта топпен жұмыс жасалынды, «Жалғастыр», «Не істеуге болмайды?», «Сұрақ- жауап» ойындары ойнатылды. «Автограф» ойынында балаларға жүрекше қағаз таратылып,осы қағазға өз тілектерін жазып,плакатқа салынған талға жабыстырылды. Балалар өз ойларын ашық айтып, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырды. Тренинг соңында «Алғыс айту – әдептілік» атты кітап бұрышымен таныстырылды.


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page