Айбергеновтің ай сәулелі жырлары
Биыл қазақтың ақыны, бар болғаны отыз-ақ жыл жасап, жасындай жарқ еткен Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жыл. Осыған орай «Айбергеновтің ай сәулелі жырлары» атты тақырыпта поэтикалық марафон өткізілді.Ақынның өмірі де, ақындық шабыты да тым қысқа болсада, осындай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқымен, болашақ ұрпағымен мәңгі жасап келеді. Ақынның «Бір тойым бар», «Туған еліме», «Ана», «Сағыныш», «Шардара толқындары» т.б.өлеңдерінде жалынды жігер, дауылды қайрат, кең тыныс шалқар шабытты лебі еседі. Оның поэзиясында туысқан қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрікпен халықтарының салт-дәстүрі, қонақ жайлығы, табиғат туралы, туып-өскен жерін, халықтар достығын тебірене жырлайды. Поэтикалық марафонға 6 сынып оқушысы Нұртай Мейір «Алматым», зейнет- кер Бурленова Үміткүл «Өскен жер», 7 сынып оқушысы Қанат Сағыныш «Қасымға», 4 сынып оқушысы Совет Медина «Көктемде» өлеңдерін жатқа оқыды.
Comments