Алғыс айту - рухани байлығымыз
1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – рухани байлығы- мыз» атты тақырыпта 7 сынып оқушыларының қатысуымен тренинг өткізілді. Алғыс – біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Қатысқан оқушыларды Алғыс айту күнінің тарихымен таныстырып, Тренингтің алғашқы бастамасы «Рахметке» лайықты кімдер? деген сұраққа барлығы бірдей дұрыс жауап берді. Сонымен қатар, «Миға шабуыл», «Құнды қасиеттерді жинау», «Қызықты сұрақ», «Өз көңіл күйінді көрсет», «Жұптық алғыс» ойындары ойнатылды. Өткізілген шарада оқушылар белсенділігі жоғары деңгейде болды, өздерінің Отанға, ата-анаға, суға, отқа, жерге, ұстазға, досына деген ыстық лебіздерін, ризашылықтарын білдірді.
Comments