Амал келді - жыл келді
14 наурыз күні кітапхананың оқу залында Әз Наурыздың алғашқы мерекесі Көрісу күніне арналған «Амал келді – жыл келді» атты танымдық кеш өткізілді. Кешке мәдениет үйінің қызметкерлері, жұмыскерлер, 2-6-7 сынып оқушылары қатысты. 7 сынып оқушылары Қанат Сағыныш, Тлеукен Інжу, Килбаева Гүлбахар «Ақжұлдыз» биін билесе, 6 сынып оқушысы Изатулаева Аяулым «Наурыз думан» әнін шырқады. Мәдениет үйінің қызметкерлері Көрісу күніне көрініс көрсетті. Кеш соңында «Наурыз – шаттық мереке» кітап көрмесіне шолу жасалып, қатысқан оқырмандар естелікке суретке түсті. Кештің мақсаты: «Көрісу» мейрамы туралы түсінің беру, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету, насихаттау.
Comments