top of page

Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі..

Көркем сөздің асқан шебері, дана жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған мәдениет үйінің көрермен залында «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі...» тақырыбында әдеби вернисаж өткізілді. Шара барысында кітапханашы мен 8 сынып оқушысы Г.Килбаева қатысушыларды Мұхтар Әуезовтің өмірі және шығармаларымен таныстыр- ды. Жазушының прозадағы алғашқы туындылары – «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Қыр суреті», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Барымта», «Қаралы сұлу», бар ғұмырын ұлы ойшыл ақын Абайдың өмірін зерттеуге арнаған, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің тұрмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін «Абай жолы» роман-эпопеясын жазды. М.Әуезов қазақ әдебиетін-

де ең алғашқы болып драматургия жанрын қалыптастырды. «Айман-Шолпан», «Қарагөз» т.б. жиырмадан аса пьесалар дың авторы. Орыс жазушысы Гогольдің «Ревизоры», Шекспирдің «Отелло- сы» т.б. көптеген туындыларды қазақ тіліне аударды.

Әкімшілік қызметкері М.Тұрсын жазушының «Абай жолы» роман-эпопея- сын қысқаша мазмұндап айтып, ақын Абайдың 1-ші қара сөзін түсіндіріп берді.

«Абай жолы» романынан Абайдың балалық шағы жайлы көрініс көрсетілді. Көрініске кітапхана оқырманда-

ры, 7 сынып оқушысы М.Нұртай, жұмыскер А.Абдрахманова, әкімшілік қызметкері М.Тұрсын, мәдениет са-ласының қызметкерлері А.Сатбаева, Р.Абилдин қатысты. Жазушының шығармалары қазақ әдебиетінде және мәдениетінде өшпес із қалдырғаны жайлы айтылды.

Шараға 8 сынып оқушылары, жұмыскерлер қатысты.

Шара соңында «Әлем таныңған – Әуезов» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.









Comentarios


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page