top of page

Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздік мұрасы

24 тамыз күні «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қоғам қайраткеріақын, қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, фольклоршы, түркітанушы, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздік мұрасына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөздік мұрасы» атты тақырыпта дәріптеу сағаты өткізілді. А.Байтұрсынұлының көсемсөзін оқи отырып, күш-жігерін, уақы-

тын оқу-ағарту ісіне, ел мәдениетін көтеруге, ағартушылыққа, әдебиеттану, тілтану саласын зерттеуге

арналғаны жайлы айтылды. А.Байтұрсынұлы өз қоғамындағы барлық маңызды мәселелерді сөз еткені, көсемсөзінде бірқатар орын алатын оқу-ағарту, білім, өнер мәселесіне көп көңіл бөлгені туралы және қазақ мектептерінің заман талабынан тысқары қалып отырған жай-күйін күйзеле жазғаны жайлы айтылды.

А.Байтұрсынұлы – қазақ көсемсөзінің атасы. Ол өзінің көсемсөздерінде қазақ тағдырына байланысты сан алуан көкейкесті мәселелерді қозғап, халқына жеткізуге, көкірек көзін ашуға ұмтылған заманның озық ойлы ұлт ұстазы екені жайлы сөз қозғалды. Ұлт ұстазының көсемсөздерінен үзінділер оқылды және оқушы-

лар шығармаларына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. «Қазақтың ұлт көсемі» тақырыбын-

дағы ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.





Comments


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page