top of page

Ақыл-ойдың асқар алыбы

7 қаңтар күні кітапхананың оқу залында «Бір ел-бір кітап – 2022» акциясы аясында аса көрнекті қазақ ақы-

ны, журналист, педагог, қазақ тілі емлесінің реформаторы, қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларына арналған «Ақыл-ойдың асқар алыбы» атты тақырыпта қызметкерлер мен жұмыскерлердің қатысуымен әдеби кеш өткізілді. Өткізілген шарада қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармалары, баға жетпес еңбектері жайлы баяндалды. Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Досыма хат», «Бақ» т.б. өлеңдерінде әлеуметтік дүниені тану әлемінің жолдарын әсерлі етіп суреттесе, «Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Қасқыр мен тырна», «Аңдарға келген індет», «Өгіз бен бақа», «Қарға мен түлкі» т.б. өлең-мысалдарында күштінің озбырлығын, халқының адал-аңқаулығын жырға қосады. Бұдан басқа шығармалары жайлы айтылды. Кеш соңында «Қазақтың ұлы көсемі» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.









Opmerkingen


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page