top of page
Поиск

Елі үшін туған батыр

  • Фото автора: Киікті кітапханасы
    Киікті кітапханасы
  • 14 сент. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

17 маусым күні Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, Кенесары хан әскерінің қолбасшы-

сы Қоңырбайұлы Ағыбай батырдың туғанына 220 жыл толуына арналған «Елі үшін туған батыр» атты тарихи кеш өткізілді. Тарихи кеште ес біліп, етек жаба бастағаннан бейбіт жатқан қазақ ауылдарына патша жасағының аяусыз жәбір-жапа көрсетенін көзімен көріп өскен Ағыбай 13 жасында атқа қонғанын, жас батырдың жауынгерлік даңқының дәуірлеген кезі Абылайханның ұрпағы Қасымның және оның ерлігімен атағы шыққан ұлдары Саржан, Есенкелді, Кенесарының жорықтары кезімен тұспа-тұс келгені жайлы айтылды. Бұдан кейінде талай-талай шайқастарда қасарысқан қас дұшпанды қаусата жеңген Шұбыртпалы Ағыбай батырдың ісі аңызға, аты ұранға қалай айналғаны туралы сөз қозғалды. Елдің еркіндігі үшін, Алтайдан Ақжайыққа дейінгі аралықты алып жатқан қазақ даласында аңыз болған халық батырының өміржолы мен батырлығы ұрпаққа өнеге, үлгі.«Ақжолтай Ағыбай батыр» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.










 
 
 

Comments


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page