top of page

Ерлік пен махаббат жыршысы

ҚР-ның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты тақырыпта өмірі мен шығармаларына арналған әдеби шолу өткізілді. 1941-1945 жылдары қан майданда жүріп бір қолында қаруы, бір қолында қаламы қатар жүрген майдангер жазушы өзінің жауынгер жолдастарының ерен ерлігі туралы өлең, очерк, мақалалар жазып, жауынгер достарына рух берді. Оқырмандарға жазушының «Ақиқат пен аңыз» романы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, отты жылдардағы ерлік тұлғасын, одан кейінгі ұлағатты өмір жолы жайлы болса, «Махаббат, қызық мол жылдар» романы әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған махаббат, қыздардың адамгершілігі, қамқорлығы, жан дүниелерінің тазалығы, достық мәселесі – бәрі осы шығармада арқау болғаны жайлы айтылды. Сонымен қатар, «Мен журналиспін», «Автопортрет», «Мәңгілік махаббат жыры» т.б. 30-ға жуық кітап жазғанын, орыс жазушылары И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың «Адам тағдыры» тағы басқалардың туындыларын қазақ тіліне аударғаны жайлы сөз қозғалды. «Ардагер қаламгер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.





Comentarios


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page