top of page

Жамбыл деген жай атым, Халық менің шын атым

26 ақпан күні сағ. 10.00-деақын Ж.Жабаевтың туғ.175 жыл толуына арналған "Жамбыл деген жай атым,Халық менің шын атым" атты тақырыпта дәріптеу сағаты өткізілді.

Дәріптеу сағатында ақын Жамбылдың Бақтыбай, Айкүміс, Сарыбас, Шашубай, Құлмамбетпен айтыстары, "Сұраншы батыр", "Өтеген батыр" дастандарына сүйеніп, "Хан мен ақын", "Жалқау туралы ертегі" сынды ертегілерін жазғанын, Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған "Ленинградтық өренім", "Майданға хат", "Отан әмір" өлеңдері жауынгерлердің рухын асқақтатып, тыл еңбекшілерін жігерлендіргені жайлы айтылды.

5 сынып оқушысы Нұртай Мейір ақынның "Сараң бай мен Жомарт кедей", 4 сынып оқушысы Қуат Ақбота "Жаныс ақынға", 6 сынып оқушылары Қанат Сағыныш "Кедей күйі", Қанат Инабат "Ленинградтық өренім" өлеңдерін жатқа оқыды.

"Жыр алыбы - Жамбыл" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.







Comments


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page