Наурыз келсе, құт келеді
13 наурыз күні Киікті ауылдық кітапхананың оқу залында «Наурыз келсе – құт келеді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: төрткүл әлем түгелдей қайта түлеп, жер-ана бусанып, жасарып, жаңғыратын күн – Наурыз мерекесін насихаттау, салт-дәстүрімізді дәріптеу, құрметтеу. Кітап көрмесі 2-і бөлімнен тұрады. 1-ші бөлім «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» деп аталады. Бұл бөлімде, Наурыз мерекесінің шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар, Наурызға қатысты сөздердің мән-мағынасы, шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны туралы, қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып құндылықтарын дәріптеу жайлы әдебиеттер, журналдар қойылды. 2-ші бөлім «Қазақтың ұлттық тағамдары» деп аталады. Қазақы дастархан мәзірі, ұлттық дәстүрлі тағам түрлері туралы кітаптар, басылымдар қойылды. Көрмеге қойылған «Наурызнама», Л.Ахметжанқызының «Дәстүр даналығы», Б.Кәмәләшұлының «Қазақтың байырғы», «Қазақ салт-дәстүрлері», «Ұлы дала елі», «Қазақы дастархан» кітаптары мен журналдардан өзімізге керекті ұлттық құндылықтар, түрлі қызықты материалдарды, мағлұматтарды аламыз.
Comments