top of page

Рух негізі – туған тіл

  • Фото автора: Киікті кітапханасы
    Киікті кітапханасы
  • 14 сент. 2022 г.
  • 1 мин. чтения

5 қыркүйек – Тіл мерекесіне арналған «Рух негізі – туған тіл» атты тақырыпта әкімшілік, медицина, мәде-

ниет үйінің қызметкерлері және жұмыскерлермен әдеби кеш өткізілді. 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституцияда қазақ тілі ҚР-ның Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал, 1997 ж. 11 шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданып, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылды. Тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – халықтың байлығы, рухани қазынасы. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты. Ана тіліміздің қадірін біліп, өз тіліміз-

де дұрыс сөйлесе білу – бұл біздің міндетіміз. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық.

Әдеби кеште тіліміздің тарихы мен мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі туралы айтылы. Кеш «Ұйқасын тап», ана тілі, тіл жайлы мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойынымен, ұлы ғұламалардың шебер айтылған даналық және нақыл сөздерімен танысты. Сонымен қатар, тіл білімінің іргетасын қалап, әдебиеттану негізін қалыптастырған ұлы тұлға А.Байтұрсынұлының еңбектерімен таныстырылды. «Тіл тұмар – бір шынар» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

ree

ree

ree

ree

ree

ree

 
 
 

Комментарии


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page