Сегіз қырлы, бір сырлы
«Туған жерге тағзым» мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл тұрғыны Темірханов Ербол Құдайберген-ұлымен «Сегіз қырлы, бір сырлы» тақырыбында әңгіме-сұхбат өтті. Е.Темірханов – 1969 ж. Киікті ауылында туған. 6-7 cыныптан бастап жазушылар З.Ақышевтың, С.Жүнісовтың, М.Әуезовтың, Т.Жармағанбетовтың, С.Мұқановтың т.б шығармаларын оқыған, өнер мен әдебиетке жақын болған адам. Көне әңгімелерді жанына жақын тұтып, естігенін, білгенін бүгінгі күнге насихаттаушы. Оның бойынан кез-келген өнердің түрін табуға болады. Он үш жасында домбыра тартуды әкесінен үйреніп, ән салып, домбыра тартқан. Өзі әнші, әрі аңшы, суретші, темірден түйін түйіп, ағаштан ою оятын адам. Бір сөзбен айтқанда, «сегіз қырлы, бір сырлы адам». Бүгінгі күнде теміржол саласында еңбек етеді.
Comments