Сен еліміздің Ата заңы – Конституция туралы білесің бе?
26 тамыз күні, 30 тамыз – ҚР-ның Конституциясы күніне арналған «Сен еліміздің Ата заңы – Конститу-
ция туралы білесің бе?» тақырыбында әкімшілік, мәдениет саласының қызметкерлері, жұмыскерлердің қатысуымен құқықтық сағат өткізілді. ҚР-ның Конституциясы – Қазақстанның Ата заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баян етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз мемлекеттік мереке – ҚР-ның Конституциясының күні деп жариялады. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғамның дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
Comments