Сөз мәйегі - мақал
«Парасат жолы» жобасы аясында адамгершілікке, парасаттылыққа, әділеттілікке арналған 6 сынып оқушы-
ларымен «Сөз мәйегі – мақал» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен танымдық сайыс өткізілді. Сайыс үш айналымнан тұрды: бірінші айналым: «Кім көп біледі?», екінші айналым: «Сөзден мақал құрау», үшінші айналым: сұрақ-жауап «Балама мағына» деп аталады, яғни, сөз тіркесінің балама мағынасын табу. Шараға қатысқан оқушылар мақал-мәтелді көп білетіндерін жақсы көрсете білді және айтар ойларын толық жеткіз- ді. Танымдық сайыстың мақсаты: оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйрету, сөздік қорын арттыру. Адал достыққа, білімді, өнерлі, еңбекқор, азамат болуға, тілін, елін сүйер, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренер жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ету.
Comments