Табиғи дарын иесі
14 шілде күні «Туған жерге тағзым» мемлекеттік бағдарлама аясында, табиғи талантымен қатар, зор еңбек-
тің, зейін, ынтаның, төзімділіктің, шынайы талант иесі, көп балалы зейнеткер ана Рыспекова Мира Саматқызымен «Табиғи дарын иесі» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. М.С.Рыспекова 1968 ж. 6 қыр-
күйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қол өнер бұйымдарын жасау, сурет алу әкесінен дарыған. 1 сыныптан бастап сурет сала бастаған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде мерекелік күндерге арналған қабырға газетіне суреттер салып, сурет салуға деген қызығушылығы арта түскен.1987 ж. Киікті ауылына Рыспековтер әулетіне келін болып түседі. Қазіргі таңда жолдасы екеуі тоғыз бала, жиен, немере сүйіп отырған бақытты үлкен бір отбасы. Талантты адамның қолынан майлы бояумен салынған жаңа дүниелер, табиғат жайлы туындылары, ермексаздан жасалған скульптура, үйдің ішкі қабырғасына құрылыс заттары-
мен салынған барельф, қуыршақ, тойбастардың сырты, техниканың жарамсыз заттарынан жасалған ойын-
шық машина, ағаш, әр түрлі іске аспай қалған бұйымдармен балалар ойнайтын ойын алаңы т.б. туындыла-
ры көздің жауын алады.
Comments