top of page

Таңбалы тарлан

Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, публицист, жазушы Жайық Кәгенұлы Бектұров-

тың туғанына 110 жыл толуына арналған «Таңбалы тарлан» атты тақырыпта 8 сынып оқушылары мен қызметкерлердің қатысуымен танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатта жазушының өмірбаяны,1937 ж. жалған айыппен тұтқындалып, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, Свердлов облысының Ивдель лагерінде тартқан азабы жайлы айтылды. 1955 ж. ақталып шығып, денсаулығына қарамастан республика-

ның қоғамдық және әдеби өмірге араласқаны, лагерьде өткізген жылдарын, лагерь өмірін, ұлтты мүлдем жойып жіберуге шақ қалған тоталитаризм туралы «Төгілген қан» атты романын жазғаны, ол шығармасы кейін 1997 ж. «Таңба» атауымен қайта басылып шыққан жайлы айтылды. Ж.Кәгенұлы Қарағанды, Теміртау қаласының, сондай-ақ, Жезқазған, Балқаш өндірісінің қалыптасуына зор үлес қосты. Қуғын-сүргінді басы-

нан өткерген Жайық Бектұров 50-ші жылдары Қарағандыға тоқтады. Көмірімен ғана емес қазақ мәдениеті-

нің де кені саналатын Қарағанды облысына өзінің өмірін арнағаны туралы оқырмандарға толықтай ақпараттар берілді. Артына «Үш Әлекең», «Өрт пен дерт», «Суреттер сыры», «Дерек пен дәлел», «Айыбы не, абзал ағалардың?» сияқты үлкен тарихи очерктер мен «Ақын және арамза», «Қарындасқа хат» поэмалары, «Сәкеннің соңғы сәті» повесі т.б. өшпес мұра қалдырды.







Comentarios


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page