Поиск
Тілін сүйген - елін сүйер
- Киікті кітапханасы
- 3 сент. 2021 г.
- 1 мин. чтения
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне арналған 7 сынып оқушылары мен мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен "Тілін сүйген - елін сүйер" атты тақырыпта библиошар өткізілді. Оқырмандарға тіл туралы толық мағлұмат беріліп, "Ұшқыр ой" ойынында оқырмандар шарға ілінген сұрақтарға жауап берсе, "Лездеме" айналымында қойылған сұрақтарға тез, шапшан жауап беріп, "Ойлан тап" кезеңінде ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқылып, шығарманың атын және авторын тапса, "Айшықты сөздер" кезеңінде бірнеше тұрақты сөз тіркестері берілді. Оқушылар ойланып, мағынасын айтып өз білімдерін көрсетті. Кеш соңында "Ана тілі - дана тіл" көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.








コメント