Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз
16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен әдеби кеш өткізілді. 1991 ж.16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жарияла-
ды. Кеште халқымыздың тәуелсіздік жолын-да жүріп өткен жолдарын, жетістіктері жайлы айтылды. Еліміздің тәуелсіздік алуы – халқымызға, елімізге, Отанымызға жаңа серпін, жаңа леп ала келді. Тәуелсіздік – барша халықтың еркіндікті аңсаған, ақ ниетпен күткен, «Қазақстан» деген ортақ шаңырақтың тәуелсіздігі. Желтоқсан оқиғасында егемендік үшін шарқ ұрып, азаттықтың туын алып қалған қазақ жастарының ерлігі, батырлығы жайлы сөз қозғалды. 5 сынып оқушылары Жарылқасын Сезім «Тәуелсіздік», Жеңіс Кәмшат «Рухы биік қазағым», Совет Медина «Тәуелсіздік тұғырым», Кәрғұл Гүлжайна «Тәуелсіз елім» атты өлеңдерін жатқа айтып «Қазақстан», «Тәуелсіздік» сөздерінен сөйлем құрап, Отан, туған жер, тәуелсіздікке байланысты қойыл-ған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді. «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Comments