Халқының ардақтысы - Ақан сері
Ақын, әнші, композитор Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Халқының ардақтысы –Ақан сері» кітапханалық квилт өткізілді. Ең алдымен қатысушыларды «квилт» сөзінің мағынасымен таныстырып, ақын, әнші туралы толық ақпарат берілді. Ақан серінің өмірі және шығармалары туралы өз білгендерін қағазға жазып, кітап көрмесінің бетіне ілді. Оқырмандарға өмірдің шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған өзі өмір сүрген заманның асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік өнерімен танылған өзгеше дарын иесі екені жайлы айтылды. «Ақан сері» атанып, халыққа кең танылуы, даңқының шартарапқа жетуі – әншілік, композиторлық өнерінің жемісі. Ақынның «Ақ көйлек», «Ақтоқты», «Балқадиша», «Көкшетау», «Қара торғай», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Сүйген қалқа» т.б.көптеген мұрасы – сыршылдық пен сыншылдықтан, әдептілік пен әдемілікке құмартудан, көрегендік пен көсемдіктен, қуатты шабыт пен құдіретті қиялдан өріліп туған саф таза поэзия. «Ел ерекесі - Ақан сері» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Comments