top of page
Поиск

Шырағын жаққан білімнің

  • Фото автора: Киікті кітапханасы
    Киікті кітапханасы
  • 2 нояб. 2021 г.
  • 1 мин. чтения

2 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір ел-бір кітап» акциясы және «2021 – Балалар әдебиет жылы» аясында Ұлы ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, балалар әдебиеті-

нің негізін салушы Ы.Алтынсариннің туғ.180 жыл толуына арналған «Шырағын жаққан білімнің» атты тақырыпта 1-3-4-5-7 сынып оқушыларымен ауызша журнал өткізілді. Оқушыларға ауызша журналды өткізу-

дегі мақсатым: адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділікке, үлкенді, ата-ананы қадірлеу, өнер-білімді байлықтан жоғары қою керек екендігі жайлы айтылды. Журналдың бірінші беті – Ұлы ұстаздың өмірі, игілікті істерімен таныстырылды. Келесі, екінші бетінде – Ы.Алтынсариннің білімге, өнерге, оқуға шақырған шығармаларымен таныстырыл-

ды. 3 сынып оқушысы Қанат Айару «Бұл кім?», 4 сынып оқушысы Совет Медина «Кел, балалар, оқылық!», 5 сынып оқушысы Совет Айша «Балғожа бидің баласына жазған хаты», 7 сынып оқушысы Қанат Сағыныш «Ананың сүюі» өлеңдерін жатқа оқыды. 3-бетінде – «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары жайлы айтылды. Төртінші бет – оқушыларды сергітіу сәті болды. Бұнда оқушылар жұмбақ шешіп, ой-ұшқырлығын көрсете білді. Журналдың бесінші бетінде – Ы.Алтынсариннің «Әдептілік», «Әке мен бала» әңгімесін оқып, талдау жасалды. «Тұңғыш қазақ педагог» атты кітап көрмесімен таныстырылды.







 
 
 

コメント


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page