Қазақ әдебиетінің Қызыл жебесі
Жазушы Ш.Мұртазаның туғ.90 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің Қызыл жебесі» тақырыбында өмірі мен шығармаларына арналған библиографиялық шолу өткізілді. Әкімшілік қызметкері Тұрсын Мейрман жазушы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романының желісі бойынша сол кездегі жеке басқа табынушылық пен әпербақандық кесірінен қазақ халқының басына үйірілген бұлт-
ты, елі үшін отқа түсіп, азуы алты қарыс арыстандай Сталинге қарсы шыққан Тұрар Рысқұловтың жан күйзелісі, қиын-қыстау кезіндегі өмірі жайлы өз оқығаны бойынша әңгімелеп айтып берді. «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Ай мен Айша», «Интернат наны» т.б. қаламгердің туындылары тұтас бір ұлттың тағдыр-шындығын бейнеленген көркемдік құнды дүниелер. Оқырмандар өзара жазушы шығармаларын талқылап, "Жолбарыс жүректі ақын" атты кітап көрмесіндегі кітаптармен танысты.
Comments