Қазақстан - туған елім, ұлы өлкем
25 қазан – Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты тақырыпта әкімшілік қызметкерлері және жұмыскерлермен патриоттық кеш өткізілді. Кеште Отанға деген ыстық сезім туралы, туған жер жайлы, әр адамның парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, әр тәуелсіз елдің азаматтарының қолында екені жайлы сөз қозғалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлытауда өткен құрылтайдағы сөзі мысал ретінде алы-
нып, қатысқан оқырмандарға ақпарат берілді. 25 қазан – Республика күні ретінде бекітілді. 13 жылдан соң, 25 қазан – Республика күні ретінде қайта бекіті-
ліп, президент тиісті заңға қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолын-
дағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару-
ды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемен дік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек»,- деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың отырыс-ында. Президент 1990 ж. 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды. «Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұң-
ғыш Президент Н.Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды»,-деді мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. «Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның мұқым халқының достығы, төзім ділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатта-лып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын. Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам»-деді.
Қатысқан оқырман саны - 6
Comments