Қазына қалдырған талант
Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, әдебиет зерттеуші, этнограф, музыкатанушы ғалым Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына арналған «Қазына қалдырған талант» атты тақырыпта қызметкерлер мен жұмыскерлердің қатысуымен танымдық кеш өткізілді. Танымдық кеште жазушының «Аққыз», «Сонар», «Тауға біткен жалбыз», «Қыр хикаялары» яғни, 30-дан астам әдеби, ғылыми-танымдық кітаптар, 400-ден астам мақалалар, 120-ға тарта тарихи тұлғалар туралы ғылыми очерктер, 150-ге тарта күйші-композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер жинап, ел ішіне көп тараған «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Толғау», «Алтын асық т.б. көптеген әндердің авторы екені жайлы айтылды. Сонымен қатар, көптеген шығармалары орыс, чех,неміс, ағылшын, қырғыз, өзбек, эстон тілдерінде жеке кітап болып шығарылғаны, жыр, қисса, дастан, күйлерді және басқа да құнды мұра-
ларды зерттеп, келер ұрпаққа мол құнды дүние қалдырғаны туралы сөз қозғалды. «Көп қырлы талант» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
Comentarios