Ұлт азаттық үшін күрескен жалынды ақын
Жалынды ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 6-7 сынып оқушыларымен «Ұлт азаттық үшін күрескен жалынды ақын» атты тақырыпта тарихи кеш өткізілді. Тарихи кеште Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысының ұлы жыршысы, рух беруші көсем болға-
нын, жігерлі жырлары мен толғаулары орыс империясының отарлау саясатына қарсы қазақ халқының
тәуелсіздік рухын асқақтатқан құнды мұралар екені туралы айтылды. Махамбет жырлары күрес, тартыс, көтеріліс үстінде туды. Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. «Тілек», «Нарында», «Біткен істің міні жоқ», «Арғымаққа оқ тиді, «Мен едім», «Менің атым – Махамбет», «Қызғыш құс» т.б. өлеңдері қылыштай өткір, сөздері селдей серпінді, қалың қазақтың жүрегіне толқу салатын жырлар. Шара барысында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып беріп, «Жауынгер ақын» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
Comments