top of page

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

15 қазан күні, сағ.15.00-де мәдениет үйінің көрермен залында қазақ поэзиясының көшін бастаған жыр алыбы – Қасым Аманжоловтың туғ.110 жыл мерей тойына арналған «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке қатысқан оқушылар ақынның өмірі мен шығармаларымен танысты. 44 жыл ғұмыр кешкен ақын-майдангер қазақ поэзиясына өшпестей із қалдырды. Әдеби кешке 10-11 сынып оқушылары және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. Мәдениет үйінің меңгерушісі Абилднов Рустам ақынның «Өзім жайлы», қызметкер Бостанова Элмира «Туған жер» әнін орындаса, 11 сынып оқушылары Нұртай Ерсұлтан «Қарағанды» өлеңін жатқа оқыса, Кәрғұл Дариға «Жайық», 10 сынып оқушылары Исағали Сәбина «Домбыра», Хайберген Аружан «Оралым, менің Оралым» өлеңдерін оқып, ақын жайлы өз ойларымен бөлісті.

Ақынға арналған «Қыран қанатты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.













Comentários


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page