Өмірім менің – өнерім
21 шіле күні Қазақстанның халық әртісі, биші Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл толуына арналған «Өмірім менің – өнерім» атты танымдық кеш өткізілді. Ш.Жиенқұлова – тұңғыш биші, алғашқы драма әртісі, алғашқы киноактриса, Қазақстанның алғашқы ару қыздарының бірі. Кеште талантты бишінің алуан қырлы өнері, тек өз елінде ғана емес, сонымен қатар, шет ел көрермендерінің де сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға екені жайлы айтылды. Бірегей қайталанбас өнер иесінің әншілігі, бишілігі, оқыту-
шылық қызметі, әртүрлі жанрда жазылған еңбектері жайлы сөз қозғалды. Өмірі мен шығармашылығына арналған «Би әлемінің падишасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Comments