Өнер-білім бар жұрттар
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған, халық ағартушысы, этнограф, қазақтың жаңаша ой-пікірлерінің қалыптасуына үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғ. 180 жыл толуына арналған 3-4-5-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Өнер-білім бар жұрттар» тақырыбында мәнерлеп, жатқа оқу шарасы өткізілді. 3 сынып оқушысы Қанат Ай-Ару «Бұл кім?», 4 сынып оқушысы Совет Медина «Кел, балалар, оқылық», 5 сынып оқушысы Совет Айша «Балқожа-
ның оқудағы баласына жазған хаты», 7 сынып оқушысы Қанат Сағыныш «Ананың сүюі» өлеңдерін мәнер-
леп жатқа оқыды. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оқу-ағарту саласындағы Ыбырай Алтынсарин мұраларын насихаттау.
Comments