top of page

Өнерлі өрге жүзеді

Туған жерге тағзым» мемлекеттік бағдарламасы аясында өнерлі адамдарды насихаттау мақсатында Киікті ауылының тұрғыны Абильдина Күлшат Юлдашқызымен «Өнерлі өрге жүзеді» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. А.К.Юлдашқызы 1975 ж. Жамбыл обл. Мойынқұм ауданына қарасты Көкқайнар ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Кейін, Қарағанды обл, Шет ауданы Қарабұлақ ауылында сол кездегі Ж.Жабаев атындағы мектепте 1983-1993 жж. білім алып шыққан. Мектепте жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан. Абильдина Күлшат қолөнерге бала кезінен, яғни, мектепте оқып жүрген кезінен бастап айналысқан. Бала кезінде қуыршақтарға киім тігіп, тоқыма тоқумен әуестене бастаған. Бұл күнде А.Күлшат бақытты отбасы, төрт баланың анасы, немере сүйіп отырған бақытты ана, әже. Бала кезден бастаған өнерді отбасылы болғанда әрі қарай жалғастырып, құрақ көрпе, жамылатын көрпе, төсек жапқыш тігуді қолға алды. Әр түрлі көрпе тігіп, елден тапсырыс қабылдап, өз қолынан шыққан бұйымдарды сатуға шығарды. Іс тігу, құрақ құрау, көрпе тігу Күлшаттың әрі кәсібі, әрі хоббиі, табыс көзі. Бұдан басқа қыз, ұл балаларға арналған ұлттық киімдер, әйел адамдарға көйлек тігуді де меңгерген. Кейінгі кезде бауырсақ, тәтті нандар т.б. тағамдарды пісірудіде қолға алған. А.Күлшат өз ортасында ән айтуды жақсы көреді. Өмірге құштар, елгезек, халыққа қалаулы – Ана. Он саусағынан өнер тамған ананың ақыл-парасаты, өнерге бейімділігі, шеберлігі бүгінгі ұрпаққа, жас буынға берері мол.

















コメント


Таңдамалы
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтармен іздеу
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page